Start / Press
Facebook Logo

Press

Елордада «Аюлар достастығы» атты ерекше көрме ашылды

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елорданың сол жағалауында Нұржол желекжолында «Аюлар достастығы» атты ерекше көрменің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Астана қалалық мәдениет басқармасының бастығы Еркебұлан Ағымбаев бүгінгі шара Германияның Қазақстандағы жылы аясында өтіп отырғандығын айта келіп, «жалпы әлемнің 150 мемлекетінде көрсетілген бұл көрмеге қойылып отырған 125 аюды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің қылқалам шеберлері әшекейлеген. Қазақстан атынан қойылған бадди аюын белгілі әрі танымал суретші Ләйлә Мақат безендірді. Оның безендірген аюы 150 мемлекетті аралап, әлем халықтарының назарына ұсынылатын болады», деп атап өтті.

Сондай-ақ шара барысында сөз алған Германияның Қазақстандағы елшісі Райнер Ойген Шлагетер бұл жерлердегі аюлар әрбір мемлекеттік мәдени құндылығын паш ететіндігін атап өтіп, көрменің елорда әкімдігінің қолдауымен өтіп отырғандығын айтты.

«Астанада бұл аюлар қаланың символына айналған Бәйтерекке қарсы орын тепті. Олардың барлығы да өз елдерінің елшілері. Аюлар сонымен қатар халықтар арасындағы түсіністікке, төзімділікке, мәдениеттер мен діндер арасындағы ынтымақтастыққа шақырады», деді Елші.

Оның атап  өтуінше, өнер туындылары Берлиннен бастап әлемнің Ыстамбұл, Гонконг, Токио, Каир, Буэнос-Айрес сынды қалаларында көрсетіліп, 2002 жылдан бергі уақытта 20 миллионнан астам адам тамашалаған.

«Біз бір-бірімізді жақынырақ танып-білуіміз керек. Сонда ғана біз өзара түсіністік пен сенімге қол жеткізіп, жарқын өмір сүретін боламыз», деген ұранның астында топтасқан биіктігі 2 метрлік алып аюлар көрмесі шілде айының соңына дейін жалғасады.  

http://www.inform.kz/kaz/article/2268565

 
 

© 2020 Buddy Bär Berlin GmbH
Eine Initiative von Eva und Dr. Klaus Herlitz

Privacy notice
Imprint